ӨЛІМ КАРТАСЫ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЙ АЙМАҒЫНДА АНА МЕН СӘБИ ӨЛІМІ КӨП

/uploads/thumbnail/20170710010026219_small.jpg

Қазақстанда сәби өлімі көбейіп келеді деп жазады «Қамшы» ақпараттық агенттігі caravan.kz-ке сілтеме жасап. Сәби өлімі жақында  Алматы қаласында тіркелді. 2017 жылы 14-ші қаңтарда Анна есімді шарана 4 күнге де жетпей шетінеп кетті. Ал анасы босанған уақытта комаға түскен.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің берген мәліметіне сай, ағымдағы жылдың 6-шы ақпанында сәбидің туыстары Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне шағымданған. Аталмыш мекеме медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіп жатыр.

Сәбидің шетінегеніне 2 ай болса да, тексеру жұмыстары әлі аяқталмаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Қазақстанның қандай аймақтарында ана мен бала өлімі көп болатындығы және қандай себептермен көз жұматындығы туралы ақпаратта көрсетілген сандар жаға ұстатты.

Стастистика

Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылы сәби өлімі 100 мың тірі туылған балалардың 8,6 құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен (9,37) салыстырғанда 8,2 % төмен.

Неонтальды өлім (сәби алғашқы 6 күнде қайтыс болғанда) 10,8 % төмендеп, 100 мың тірі туылған сәбилердің 3,3 құрады. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 3,7 тең болатын.

2017 жылы шетінеп кеткен сәбилер тірі туылған балалардың 8,7 құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,4 % төмен.

2016 жылғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда аналар өлімі 100 мың тірі туылған балаға 12,7 құрады.

Сәби өлімі қай аймақтарда көп болады?

Сәби өлімі көп тіркелген аймақ – Қызылорда, 10,2. Алматы облысы - 10,0, ШҚО - 9,7, Маңғыстау облысы - 9,5, Қостанай - 9,3, ОҚО - 9,3, Атырау - 8,9 және Жамбыл облысы - 8,8.

Босанып жатқан уақытта қанша әйел қайтыс болды?

Ана өлімі 30,1 көрсеткішпен Атырау облысында ең көп тіркелген. Қостанай - 24,5, БҚО - 22,8, ОҚО - 17,7, Қарағанды - 16,8, Павлодар – 16,0, Ақтөбе – 15,1 және ШҚО – 13,3. Республикадағы орташа көрсеткіштен төмен көрсеткіш – Жамбыл облысында - 11,5, Ақмола облысы – 8,7, Кызылорда облысы – 5,3, Маңғыстау облысы – 5,1, Алматы облысы – 4,8 және Алматы қаласы - 9,1  және Астана қаласы – 7,3.

2015 жыл мен 2016 жылғы көрсеткіш бойынша Солтүстік Қазақстан облысында ана өлімі тіркелмеген.

Барлығы әйел денсаулығының төмендігіне байланысты

Ана өлімінің жиілеуіне денсаулықтың төмен көрсеткіші себеп. Олар - қан аздық, қан айналым жүйесіндегі аурулар, несеп-жыныстық мүше аурулары, эндокориндік жүйесі аурулары. Мұның барлығы жүктілік пен босану кезінде қиындық тудырады.

Ана өліміне себеп болатын аурулардың пайыздық көрсеткіші: тыныс алу – 21,2 %, қан айналым – 15,4 %, сары ауру және цирроз – 5,8 %, рак – 5,8 %.

Заманауи ауруды алдын алу, медициналық тексеру және жүктілікке дейін денсаулықты жақсарту 18 % ана өлімін төмендетуші еді.

Сәби өлімі  - перинатальді кезеңде - 57,3 %, туылғаннан дамуында ақау – 23,4 %, басқа аурулар  – 5,8 %, қайғылы жағдай – 4,6 % құрайды.

Баланы ішті кесу арқылы алып жатқанда Шымкент тұрғыны Катерина Гусакова комаға түскен. Операция Алматы қаласындағы акушерия,  гинекология және перинатология  ғылыми орталығында жасалған. Катерина Гусакованың жағдайы жақсармай отыр. Оның туысы Юлия Волкова Катеринаның қызуы түскенде оны Шымкенттегі ауруханаға ауыстырғанын айтады.

«Қазір ол реанимацияда. Ал оның Анна есімді сәбиінің өлімі тексеріліп жатыр ма, жоқ па оны білмейміз» дейді Юлия Волкова.

Аударған: Әсем Әлмұханбет

 

 

Қатысты Мақалалар