Индонезиялықтардың жантүршігерлік рәсімі: мәйітті үш жыл сайын тазалау (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710010044608_small.jpeg

Әр ұлттың өмірінде, салтында, дәстүрінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны анық. Және әр елдің салт-дәстүрлері бір-біріне оғаш көрінуі мүмкін. Сондай салттарымен халықтың жағасын ұстатып келе жатқан елдердің бірі – Индонезия халқы.

Индонезия крестьяндары әр үш жыл сайын ата-бабаларының мәйітін қазып, денелерін тазартып, сәндеп отырады. Бұл рәсім арқылы индонезиялықтар ата-бабаларына деген махаббат пен құрметін көрсетеді, деп жазады «Қамшы» порталы qubbil сайтына сілтеме жасап.

«Мәйітті тазалау» рәсімін Индонезиядағы Сулавеси аралының тұрғындары жүз жылдан бері атқарып келеді. Арал тұрғындары аталмыш рәсімді  орындауға шынайы ниетпен кіріседі. Мәйіттерге жаңа, әдемі киімдер кидіріп, отбасылы суреттерге түсіп, оларды арнайы байқауларға жібереді.

Иә, естісең, денең тітіркенетіндей ақпарат. Дүниеден өткен ата-бабаларының сүйегін суретке түсіріп, суреттерді байқауда жарыстырады екен. Ең үздік деп танылған суретке сыйлық та бар.

Айта кетерлігі, мәйітті тазалау аралдағы ең маңызды рәсім болып табылады. Туыстарын қайта жерлеу үшін адамдар қомақты қаражат жұмсайды екен, сол үшін тынбай жұмыс істейді.

Одан бөлек, қазылған жерді де тазалап, жуып, қайта жерлеу рәсіміне дайындайды. Индонезиялықтар үшін өліммен адамның өмірі таусылмайды, тек тіршілігі тоқтайды.

Олардың ойынша, өлген адамның рухы өз ауылында болуы тиіс. Егер туған ауылынан қашықтықта дүниеден өткен болса, оны міндетті түрде өз ауылдарына әкеліп жерлейді. Себебі, 3 жыл сайын мәйітті тазалау жұмыстары жүргізіліп отыруы тиіс. Тұрғындары да арлдан алыстаамуға тырысады екен.

Айта кетерлігі, Сулавеси аралы – кезінде миссионерлер жете алмаған жабық қоғам. Соған қарағанда, аталмыш рәсім әлі де жалғасын табатын сыңайлы.  

Қатысты Мақалалар