Үндістанда маймылдармен өмір сүріп келген «маугли» қыз табылды (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710010825240_small.jpg

Үндістанда маймылдардың арасында өмір сүрген, сөйлей де, жүре де алмайтын 10-12 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабаралауынша, Үндістанның солтүстік аймағынан полицейлер әлі күнге дейін еңбектейтін 10-12 жастағы қыз тауып алған. Ол адамдармен тілдесе алмайды екен, өз бетінше тамақтана да алмайды. Есесіне, жан-жануарлармен түсінісу үшін әртүрлі дауыс шығарады. Тіпті, жұрт оны «Маугли» деп атап кеткен екен.

Оны ең бірінші орман ағаш кесушілері байқап қалған екен. Артынша инспектор Суреш Ядав оны көлігімен қалаға алып келген.

«Соңғы екі айдан бері қыз ауруханада жатыр. Ол ауруханада жануарлар секілді қозғалып, тамақты қолдың көмегінсіз жеді. Ем-дом шараларынан кейін орнынан тұрып, адам секілді жүре бастады. Өкінішке орай, әлі сөйлей алмайды. Бірақ айтқандарыңызды түсініп, күлімсірейді», – дейді бас дәрігер Сингх мырза.

Инспектордың айтуынша, қыз адамдарды көргенде қатты қорқады екен. Отбасы қызды орманға тым кішкентай кезінде тастап кеткен секілді. 

 

Қатысты Мақалалар