Мұнай өнімдерін сатып алуға электрондық талондар жүйесі қолданылады

/uploads/thumbnail/20170710010820099_small.jpg

2017 жылғы 5 сәуірден бастап Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз»  ЖМҚС-ында пилотты режимде электрондық талондар жүйесі жұмысын бастады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС халықпен байланыс және жарнама жөніндегі қызметіне сілтеме жасап.

Электрондық талон – бұл цифрлық құжат, кодында мұнай өнімдерінің түрі (бензин, дизель отыны) мен көлемі, сондай-ақ оның жарамдылық мерзімі шифрланған.

Электрондық талондар жүйесі сатып алушыға мұнай өнімдеріне төлем енгізгеннен кейін электрондық деректер базасында әрбір нақты сатып алушыға берілген бірегей нөмірмен (кодпен) талонды алуға мүмкіндік береді, сатып алушы электрондық талонды басып шығарып, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да отынның тапсырылған көлемін алады. Алдағы уақытта жүйе ұялы телефоннан электрондық талон кодын оқып алуды қарастырады.

 Клиент Жеке кабинетте www.azskmg.kz сайтында өздігінен мұндай талонды жасап, оған төлем жасай алады. Яғни, клиент отынның төлем нысаны ретінде электрондық талонды таңдап, кеңсе жұмысын елеулі үнемдейді – Жеке кабинет арқылы талондарды активтендіру және бұғаттау, жарамдылық мерзімі мен көлемді белгілеу, сондай-ақ онлайн режимінде басқарушылық есептілікті алуы мүмкін. Бұл клиентке кім, қай жерде, қанша және қандай бағамен отынды құйып алғандығын білуіне мүмкіндік береді.

«Компания барынша қолайлы сервистерді құра отырып, клиенттердің барлық қажеттілігін ескеруге ұмтылады, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Мұнай өнімдерін өткізу департаментінің директоры Юлия Жернакова. Оның айтуынша, талондар жұмысының ерекшелігі отын берудің басқа да механизмін пайдалануға мүмкіндік бермейтін бірнеше мемлекеттік және жеке компаниялар үшін талап етілген құрал болып қалады. «Жаңа жүйені енгізу негізгі кемшіліктерден – ЖМҚС-да сақтау, тарату, инкассациялау, қайта есептеу, өтеу және тағы басқаларын қолмен өңдеу еңбегінің үлкен көлемін болдырмауға мүмкіндік бере отырып, талондардың басты артықшылықтарын – есеп пен мөлшерлеудің қарапайымдылығын сақтайды, - деп атап өтті ол. – Бүгін пилотты жоба аясында заңды тұлғалар Астана қаласындағы сату кеңселерінде электрондық талондарды сатып ала алады. Жеке тұлғалар кез келген өңірде – Жеке кабинет арқылы сатып ала алады. Талондар бүкіл Қазақстан бойынша «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС қабылданады».

2016 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС клиенттерге қызмет көрсету кезінде қағаз талондарды пайдаланудан бас тартатындығын жариялады. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде отын картасының жүйесі қолданылады, отын төлемі үшін QR-кодын пайдалану бойынша пилотты жоба басталды, енді электрондық талондар жүйесін енгізу басталып кетті.

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар