Америкалық Google компаниясы бүгін жаңа қызметін іске қосты, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Google компаниясы бүгін «ақпараттарды тексеру» қызметін іске қосты. Жаңадан қосылған қызмет арқылы интернет пайдаланушылары БАҚ таратқан мәліметтердің дұрыс немесе бұрыстығын тексере алады. Блумберг агенттігінің мәліметінше, бұл қызмет Facebook әлеуметтік желісінде бұрыннан бар және Google орнатқан қызмет соған ұқсас болып келеді. Аталмыш қызметті қолдану барысында «дұрыс», «дұрыс емес» және «жартылай дұрыс» сөздері арқылы анықтайтын болады.