Қостанай облысы пресс-қызметкерлердің хабарлауынша, туберкулезге қарсы Әулиекөл ауруханасының емделушісі мас болып, медбикеге тіл тигізген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ng.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Шу шығарған науқасқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2 - бөлім 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Істі Әулиекөл ауданының соты қарап, аурухана емделушісінің бір жыл ішіндегі екінші құқық бұзушылығы екенін ескеріп, құқық бұзушыны сот бір күнге қамауға үкім шығарды.