Қазақстан чемпионы 35-ке аяқ басты. Головкин жайында қызықты 10 дерек

/uploads/thumbnail/20170710011532653_small.jpg

8 сәуіррде еліміздің намысын қорғап жүрген атақты боксшы Геннадий Головкин өзінің туған күнін атап өтпек. Қазақстанның ең табысты боксшысы бүгін 35-ке толды. Zakon.kz боксшы жайында қызықты деректермен бөлісті. Ақпараттың қазақша нұсқасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына ұсынады.

1.Негізінен Геннадий Головкин кішкентай кезінен футболды сүйген. Бокстан кейін футбол Генаның сүйікті спорт түрі.

2.Боксқа деген махаббатын үлкен ағалары оятты. Алайда, Вадим мен Сергей әскерде қызметте болғанда қаза тапқан. Бірі 1990 жылы, екінші бауыры 1994 жылы. Олардың өлімінің нақты себебі әлі де анықталмаған.

3.Геннадийдің кішкентай кезінен ең сүйікті досы болды. Ол – Грей есімді неміс овчаркасы.

4.Бүгінгі күнге дейінгі 37 жекпе-жегінің нәтижесі – 37 жеңіс. Оның 23-ін уақытына жеткізбей жеңген.

5.Головкиннен жеңіліс тапқан аргентиналық Хорхе Ариэль ұзақ уақыт қалпына келе алмай жүрді. 2006 жылы ол қазақстандық боксшыға нокаутпен жеңілді. Келесі рингі араға 5 жыл салып, 2011 жылы өткізді. Осы уақыттың бәрінде аргентиналық боксшы денсаулығына байланысты бокс лицензиясын алуда қиындықтар болды.

6.2014 жылы Бродвейде түсірілген «Рокки» мюзиклінде Геннадий Головкин боксшы рөлін сомдады. Сонымен қатар, жарнамаларға түсуде тәжірибесі мол.

7.Дәл сол жылы өзінің «GGG» атты фирмалық белгісін патенттеді.

8.Головкиннің ең ұзақ жекпе-жегі Дэниелмен Джейкбоспен болды. Сол күні бірінші рет жекпе-жегін 12-ші раундқа дейін жеткізді. Бұдан бұрын 2015 жылы Мартин Мюрреяға қарсы жекпе-жегі де ұзаққа созылған.

9.Головкин аптасына кем дегенде 3 мәрте жаттығады. Алғашқы жаттығуы таңғы сағат 7-де басталады.

10.Геннадийдің жары Алина Головкина екі жоғарғы оқу орнын тәмамдаған. Оның бірін Германия университетінде бітірді, сондай-ақ бірнеше тілді меңгерген. Алайда, мансап орнына отбасын құруды таңдайды. Екі жас 2007 жылдың 7 шілдесінде отау құрды.

Қатысты Мақалалар