Мұсылмандардың ашуына тиген британдық диджейдің жазасы қандай болмақ?

/uploads/thumbnail/20170710011645966_small.jpg

Тунистік сот мұсылмандардың ашуына тиген британдық диджей Dax J- ті 1 жылдық көлемде қамауға алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Еске сала кететін болсақ, осыдан бірнеше күн бұрын британдық диджей клубта ислам дінінің дұғаларын музыка ретінде қойған.

Клуб басшылығы мен ұйымдастырушылар аталған іске қатыстарының жоқ екендігін айтып, кешірім сұрады.

Ал Dax J – дің өзі істеген ісіне өкініп халықтан кешірім сұрады. Сондай-ақ өзінің Тунистегі жұма күні өткен Orbit фестивалінде ешкімді музыка арқылы намысына тиіп, қорлау ойында болмағандығын айтып сұхбат береді. Берлинде тұратын музыкант жазасын тунистік түрмеде өтемеуі де мүмкін.

Қатысты Мақалалар