Жастардың бұзақылық әрекеті мәжбүрлі түрде поезді тоқтатуына себеп болды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап.
Камерадан үш жас жігіт поездің жүруін күтіп, ол жылдамдық ала бастағанда жігіттердің бірі поезді итеріп жатқандай әрекет жасайды. Мұны байқап қалған машинист поезді тоқтатты. Бірнеше минуттан кейін қайта жүрді.
Белгілі болғандай, кәмелет жасқа толмаған 3 жеткіншек поезді итеріп жатқандай видеоға түспекші болған. Үш жігіт метродағы ішкі істер департаментінде түсініктеме жазды. Полицейлер балаларға метро ережелерін түсіндіріп берді.