Isis (ислам мемлекеті) Мысырдағы діни мереке күні яғни жексенбідегі болған екі бірдей қанды жарылысты өз мойынына алды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
Әлемді дүр сілкіндірген қос бірдей лаңкестік шабуыл салдарынан қырықтан астам адам, оның ішінде шіркеу қызметшілер мен полиция өкілдері қаза тапты. Бұл оқиға соңғы он жылдықтағы елдегі христиан дін өкілдеріне қарсы жасалған ең зұлмат қан төгіс деп аталуда.
ДАИШ жасалған лаңкестік шабуылды өз мойынына алғандығын өздерінің Amaq ақпараттық агенттігі арқылы хабарлады.
Алғашқысы сағат 9.30 шамасында Каирдан 50 миль солтүстікке қарай орналасқан Дельта танта қаласындағы Георги шіркеуінде орын алған. Ресми деректерге сүйенсек, 27 адам қаза тауып, 71 адам ауыр жараланған.
Бұдан бір сағат өте Александрия қаласының маңындағы әулие Марк шіркеуінің қақпасы алдында болған жарылыстан 13 адам опат болып, 21 адам ауыр халде деп хабарлайды Мысыр денсаулық сақтау министрі
Аударған: Арафат Дербесұлы
The New York Times