«Новая волна-2017-ге» Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170710012251644_small.jpg

Жыл сайын Сочиде өтетін «Новая волна-2017» халықаралық ән байқауына Қазақстанның атынан Рүстем Жүгінісов қатысатын болды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.  Қуанышы қойнына сыймаған Рүстем жігіт бұл туралы инстаграм парақшасында жазба жариялап, халықтан сүйінші сұраған болатын:

«Жақсы жаңалықпен бөлісейін. Мен «Новая волна-2017» халықаралық ән байқауының финалисі атандым. Ешкімге білдіртпей Мәскеуге кетіп қалғаныма кешірім сұраймын. Тосын сый жасамақшы едім. Арманыма қол жеткіздім, қуанышымды сіздермен бөлісіп отырған жайым бар»

Рүстем Жүгінісовтің анасы әрі продюсері Айнұр Жүгінісова өз кезегінде инстаграмда мынандай жазба қалдырыпты:

«Қымбатты отандастар, өз қуанышыммен бөлісуге рұқсат етіңіздер. Балам «Новая волна-2017-ге» жолдама ұтып алды. 2014 жылы Рүстемнің інісі Мұхаммедәлі «Новая волна» балалар ән байқауына қатысқан болатын.

 

Қатысты Мақалалар