АҚШ-тың Сирияны бомбалауы, Солтүстік Кореяға ашық сес көрсете бастауы, Қытай және Ресеймен қандай ұстанымда болатыны – қазірдің өзінде айқындала бастағандай.
Атап айтқанда, АҚШ-тың Сирия билігінің қарулы күштерін ашық бомбалауы – Ресейге көрсеткен ашық қыры.
Қытайдың ешқашан да Ресеймен дос болмайтыны белгілі. Себебі, Қытайдың Ресейге қояр жер дауы бар.
АҚШ-пен Қытай өзара толық түсіністікке қол жеткізсе, Солтүстік Корея мен Ресейдің соры дей беріңіз.
Осы екі алып мемлекеттің қай жағынан көрсететін қысымының нәтижесі – Ресейдің ішкі саясатына әсер етпей қоймайды. Атап айтқанда, экономикасы шатқаяқтаған Ресейде қазір наразылар саны күн сайын артып келеді. Бұл елде наразылық шерулері жиілеп, билікке ашық қарсылық көтеріліске ұласуы ғажап емес. Қазіргі тарихи жағдай осыған мегзейді.
Егер Ресейде «ұлы өзгерістер» болып, демократия жеңіп шықса, ең алдымен сорлайтын Қазақ Елінің орысшыл билігі екені дау туғызбаса керек. Күні бүгінге дейін биліктегі ресешілдер ашықтан ашық Қазақты, Қазақ Тілі мен Дінін қорлап келгенін ешкім жоққа шығара алмаса керек. Қазақстандағы БАҚ атаулы Ресей ықпалында екенін, қазір көзі ашық жандардың барлығы да біледі, сезеді. Әсіресе, аты «қазақстандық», заты «ресейлік» телеарналар ұстанған саясат, қазақты қорлау үшін қаптаған сайқымазақтар пайдалануы, ол клоундарды мемлекеттің негізін құраушы Қазақ ұлтына өшпенділікпен қарсы айдап салып отырғанын қарапайым қазақ халқы жақсы біледі.
Ертең Ресей басына күн туып жатса, біздегі құжынаған ресейшілдердің жағдайы күрт нашарлайды. Олар қашып барғанымен Ресей паналатпайды, атап айтқанда, құл-құтандар далада қалады, ал, Қазақтың күні туады деген сөз!
Меніңше, ол күнге көп қалған жоқ!
Ана қазақты қорлаушы «шүлдірбайлар», осыны қазір түсінбесе, ертең барлығы да кеш болады!
Ойлан, оян, тілсіз әрі дінсіз, «шала» Қазақтар!..
Жұмаш Көкбөрі,
10.04.2017 жыл, дүйсенбі.
Пікір қалдыру