Сұмдық! Қылмыскер үш баласының көзінше әкесін бауыздап тастаған

/uploads/thumbnail/20170710013049118_small.jpg

Жаңа жыл қарсаңында болған оқиға елдің зәресін алды. 4 қаңтар күні Виктор Данилов есімді Ақтөбелік тұрғынның үйіне үш баласымен бірге досы қонаққа келген, біраз уақыттан соң досының әйелі келіп қосылған. Үйдің егесі қонақжай болып шықпай, балаларының көзінше әкесін пышақпен бауыздап өлтірген. Жүрегіне тиген екі соққыдан соң зардап шегуші қашып үлгеріп, бірінші қабатқа жеткеннен соң көз жұмды. Балаларының үлкен 16 жаста, деп хабарлайды timeskz.kz басылымы. Мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Балаларының бірі сол сәтте дереу ұялы телефонын қолына алып, әкесін өлтірген қылмыскердің кінәсін дәлелдеу үшін видеоға түсіріп алған.

Әйелі мен алалары қомақты қаржы талап етіп, моральдық шығын өтеуі жөнінде сотқа шағым түсірген.

«Менде ондай қаражат қайдан болсын, көп болса 10 жыл өмірім қалған шығар», - деп мәлімдеді Виктор Данилов.

«Жапа шеккен адам жақынынан айырылғаны үшін қандай көлемде қаржы сұраса да, өзі біледі», - деп хабарлады сот шешімін шығарушы Гүлжан Ажигалиева.

Бүгін таңертең сот Виктор Даниловты 10 жыл қатаң режимде жазасын өтеуге үкім шығарды. Сонымен қатар алкогольден емделуге қатаң ескерту жасалды. Қылмыскерден 2 миллион 500 мың теңге моральдық шығын өтеу талап етілді.

Аударған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар