Рут Скаллидың жуынатын бөлмедегі кілемшеге қараған сайын жүрегі қанжылайды. Себебі, ол – баласына деген ыстық естеліктерге толы кілемше. Нолан Скалли есімді қатерлі ісікпен ауыратын бала анасынсыз бір күн де өмір сүре алмайтын. Анасы жуынатын бөлмеге кіріп кеткен уақыттың өзінде есік түбіндегі кілемшеде жататын.
Аурудың бәрі баланың мұрнының бітуінен басталған. Оған анасы алғашында көңіл аудармаған. Уақыт өте келе баланың құлағы естімейтін болады, сөйтіп, дәрігерлер баланың ауыр дертке шалдыққанын, қатерлі ісіктің барын хабарлайды.
Түннің бір уағында баланың жағдайы күрт нашарлап, дереу ауруханаға жеткізіледі. Сөйтіп, балаға неше-түрлі дәрі-дәрмектер жазып береді. Алайда, оның ешбірі көмектеспейді. Ісігін алып тастауы үшін ота жасату қажет болады. Ота 2015 жылдың қарашасында жасалады.
Алайда, отаның да аса қатты әсері болмайды. Сөйтіп, дәрігерлер балада рабдомиосаркома – жұмсақ тіндерінде қатерлі ісік бар деп, химиялық терапия бастау керек екенін айтады.
Ноланды таныған жұрттың бәрі бала үшін дұға жасайды. 2017 жылдың 4 ақпанында бала өмірмен қоштасады.
Ана үшін баласын жіберіп қою ауырға соққаны анық. Соңғы химиотерапия жасалғанға дейін дәрігерлер ауруханаға баланың бар таныстары мен жақындарын шақырады. Ал, Нолан тек анасы үшін ғана ауруымен күресті.О дүниеге барғанда анасы келгенше ойнай тұратынын айтқан.
Отбасы баланың соңғы күндерінде үйіне алып кетпек болғанда, баласы бәрі жақсы болатынын алға тартып, ауруханада қала беруін өтінеді.
Соңғы 36 сағат қалғанда Скалли жуынып алу үшін шығып кетеді. Шыққанда әдеттегідей баласы есік түбіндегі кілемшеде жатуы тиіс еді. Алайда, жуынып шыққанда кілемше бос тұрады. Сөйтіп, ана баласының миына оттегі жиналып, комаға түсіп қалғанын естиді. Скалли баласының жанына келіп жатады. Сол уақытта, Нолан небәрі 4 сөз айту үшін оянып, мәңгілік сапарға аттанып кете барды. Сондағы айтқаны: «Мен сені жақсы көрем, анашым».
Бұдан соң Скалли өзінің Фейсбук парақшасына былай деп жазады: «Енді мен жуынатын бөлмеге кіруге қорқамын. Жуынып шыққан сайын балам жатқан кілемше бос тұрады».
Пікір қалдыру