Семейде түнде төбелес болды

/uploads/thumbnail/20170710013022711_small.jpg

Полицейлер Семейде болған жаппай тәртіпсіздікті зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

9 сәуірде шамамен түнгі сағат 23.00-де бір топ жігіт Өскемен көшесінен Восточный ауылына баратын жолда төбелес шығарған. Шамамен 20 адам айғайлап, шулап, жолдағы қозғалысқа бөгет болған. Куәгерлер жігіттердің бір-бірімен төбелеспекші болған сәтін видеоға түсіріп алған.

Бірақ полиция қызметкерлері бұл төбелестің алдын алған. "Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды, бірақ олар сыртқа шықпау туралы қолхатпен жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Семей қалалық ІІБ өкілдері.

Ұсталғандардың басым бөлігі жастар екені белгілі болды, олардың көбісі - кәмелет жасына толмағандар. Қазір құқық қорғау органдары олардың ата-аналарымен де жұмыс істеп жатыр.
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар