Бұған дейін Қазақстанға көшіп келе жатып, «Майқапшағай» шекара бекетінен өтер кезде бар ақшасынан айырылған Мәуітхан Гүлжанның басындағы қиын жағдай туралы жазғанбыз.
Бүгін Зайсан аудандық сотында «Майқапшағай» кедендік бекетінде 49 990 долларынан айырылып қалған қандасымыз, Гүлжан Мәуітханның ісі қайта қаралды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі. Сот шешіміне сай, Гүлжан Мәуітханның ақшасы қайтарылатын болды. Бұл туралы қандасымыз Гүлжан Мәуітханның басындағы мәселесін алғашқылардың бірі болып жазған Ұларбек Дәлейұлы өзінің Facebook парақшасына қуана хабарлады.
Айта кетейік, тарихи Отанына көшіп келе жатқанда бар жиғанынан айырылып қалған қандасымыздың қиын жағдайы туралы БАҚ пен қоса қоғам қайраткерлері, елге танымал заңгерлер үн қосып, өз алаңдаушылықтарын білдірген. Олар - заңгер Абзал Құспан, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан, Саясаттанушы Ерлан Саиров.