Amnesty International өлім жазасына қатысты жаңа баяндама жасады. Деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
Amnesty International Халықаралық құқықтық қорғау ұйымының хабарлауынша өлім жазасына кесілушілер саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Алайда 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы іске асырылған өлім жазасы 36% төмендеген. Жазаның 55% Иранға тиесілі. Бірақ бұл тізімге Қытайдың кірмегендігін айта кету керек. Себебі бұл тақырыптағы мәліметтер елде мемлекеттік құпия болып есептеледі. Ұйымның хабарлауынша Қытайдағы өлім жазасының саны бүкіл әлемдік көрсеткіштен жоғары.