«ЕХРО – 2017» көрмесiне арналған ІІІ республикалық пікірсайыс турнирі өтті

/uploads/thumbnail/20170710015349535_small.jpg

 «ЕХРО – 2017» Халықаралық мамандырылған көрмесiне арналған ІІІ дәстүрлі республикалық «Үш Би» пікірсайыс турнирі өтті деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Ақмола пікірсайыс лигасы» ЖҚБ. Турнирге Астана, Қостанай, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және т.б. қалаларынан 40 команда қатысты.

8 сәуір күні іріктеу ойындары өткізілді. 9 сәуір күні ақтық ойындары, жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Пікірсайыс турнирі қазақ және орыс тілдерінде Халықаралық Британдық Парламенттік форматы бойынша өткізілді.

Турнирдің 5 іріктеу ойындары өтті. Турнир жеңімпаздарының атағы үшін күрескен 8 команда ойындардың ақтық кезеңіне өтті.

Турнирдің жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Көкшетау қаласының № 2 орта мектебінде өтті.

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана қаласынан «Опатоп» командасы және Қарағанды қаласынан «Ойлан, тап» командасы иеленді, астананың «Задоринки» және «Ұлы парасат жауынгерлері» командалары екінші орынға ие болды, үшінші орынды «Кокшетауские пряники» командасы және Астана қаласынан «Сыңба бауырым» командасы алды.

Үздік спикерлердің атағын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Бауыржан Әшірәлі және Назарбаев Университетінің студенті Алексей Швырко алды.

Диан Айбашпанов (Көкшетау қ.) и Өтеміс Ғалымжан (Қарағанды қ.) турнирдің үздік төрешілері атағына ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде 2016 жылы құрылған «Ақмола пікірсайыс лигасы» ЖҚБ және Көкшетау қаласының № 2 орта мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

 

Қатысты Мақалалар