«Боруссии» футболшылар автобусындағы жарылысқа терроризмнің қатысы жоқ, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі. Бұндай мәлімдемені Дортмунд полицей қызметкері жасады.
Vesti.ru порталының мәліметінше, құқық қорғаушылар тергеу жұмыстарын бастап кетті. Олар жарылыстың себебін кісі өлтіруге ниеттенген қастандық әрекет деп болжады.
«Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталған жоқ. Алайда, біз төтенше жағдайға байланысты кез-келген нұсқаны қарастыратын боламыз, түпкілікті тергейміз. Бәрі жоспар бойынша жүзеге асып жатыр», деді Дортмундтың полицейі Грегор Ланге.
Жарылыстың салдарынан ойын 12 сәуірге ауыстырылды. Сондай-ақ, ойын алаңы қатаң тексерісте болады.
Айта кетейік, 12 сәуірде сағат таңғы 6-лар шамасында «Боруссия» футбол клубының автобусының маңында үш жарылыс орын алды. Нәтижесінде, Дортмунд командасының қорғаушысы 26 жастағы Марк Бартр жарақаттанды. Марк Бартр "Барселона" командасынан "Боруссияға" 2016 жылдың жазында ауысқан.
