Шымкент қаласына саяхаттап келген жапондық туристтің мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20170710015443864_small.jpg

Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінен жапониялық туристтің мәйіті табылды, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі TVK арнасына сілтеме жасап.

Кеше таңғы уақытта Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінен жапондық саяхатшының мәйіті өзі тұрақтаған бөлмеден табылды. Белгілі болғандай, шетелдік қонақ 1948 жылдың тумасы.

Жапондық турист ОҚО-ға 10 сәуірде келіп, Отырар және Түркістан қалаларына барып қайтқан. Сонан соң ол тағы да бір жерлерге саяхаттап бару керек болатын. Алайда белгіленген уақытта шақырылған жерге келмеген саяхатшыны гидтер уайымдап, оны іздестіре бастаған. Іздеу барысында саяхатшы өз бөлмесінен өлі күйінде табылды. Неден және қалай қаза тапқаны әлі белгісіз, зорлық белгілері жоқ. Қалалық сот медициналық сараптама тағайындап, зерттеу жұмыстарын бастады.

Қатысты Мақалалар