Сертификаттатталған электротехникалық өнімді өндіретін отандық Астана электротехникалық зауыты (АЭТЗ) Office 365 Business жүйесін өз жұмысына ендірді. Қазірдің өзінде компанияның 60%-дан астам қызметкері бұлттық жүйеде жұмыс жасауда деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
«Microsoft өнімдерімен бұрыннан таныспыз және де оны қолдану барлығы үшін дерлік айтарлықтай жеңіл, сондықтан біздің қызметкерлерімізге Office 365 Business жүйесіне өту қиындық тудырған жоқ, ал жастар бұлтта жұмыс жасауды санаулы күндер ішінде игеріп кетті. Қызметкерлер браузер арқылы кіріп, кестелерді бірге редакциялайды, бұл өте ыңғайлы, яғни әрбір қызметкердің қандай жұмысты атқарып жатқанын бірден білуге болады», - деп атап өтті зауыт бас директоры Асқар Сыздықов.
Microsoft компаниясының бұлттық өніміне өту нәтижесінде отандық өндіруші негізгі бағдарламалар мен құжаттарға тұрақты әрі қауіпсіз түрде қол жеткізуде, сондай-ақ, IT-инфрақұрылымның іске шығуына байланысты орын алатын күтпеген жағдайлардың саны да барынша азайып отыр. АЭТЗ-на арнап бапталған шешім құпия ақпараттың байқаусызда жіберілу, ұрлану қаупін төмендетіп отыр. Мәселенің қаржылық жағы да таңдаудың осы жаңа шешімге түсуіне әсер еткен. «Әрбір қызметкерге шаққанда, Microsoft ұсынған Office 365 Business жүйесі күніне шамамен 125 теңгеге түседі, кәсіпорынның алаңсыз жұмыс жасауы үшін бұл соншалықты үлкен ақша емес», - деп пікірімен бөлісті АЭТЗ өкілі Әлішер Мұхаметжанов.
Office 365 жүйесін ендіруге дейін басқа бөлімдердегі қызметкерлердің құжатқа енгізетін түзетпелерін дер кезінде қадағалап отыру мүмкін болмайтын, сондықтан бұл жұмыс барысын ұйымдастыруға теріс әсер етіп келді.
АЭТЗ штатында шамамен 45 инженерлік-техникалық қызметкер жұмыс жасайды, алайда олардың барлығына бұлтта жұмыс жасау қажет емес. Сондықтан бастапқыда 35 лицензия сатып алынды, таяу уақытта тағы 10 лицензияны сатып алу жоспарланып отыр.
Клиенттердің қосқан ой-пікірлері мен тілектерін ескере отырып шығарылатын соңғы жаңартуларға лицензия аясында қол жеткізуге болатындығын зауыт өкілдері Office 365 Business жүйесінің басты артықшылықтары ретінде атап отыр.
Microsoft өнімін АЭТЗ жұмысына ендірумен Life 2 Win компаниясы айналысты. Компания директоры Игорь Худомясов атап өткендей, бұған дейін тапсырыс беруші DropBox бұлттық қоймасын қолданып келген, алайда орыс тілінде қолдаудың болмауы қиындықтарды тудырған. Оның үстіне кеңселік қосымшалармен ықпалдасуы да ойдағыдай болмай шыққан. Сондай-ақ, Игорь Худомясовтың айтуынша, жаңа шешімге көшу қолданушыларға қиындық тудырмады. Клиенттің интерфейске қатысты және де функционалға байланысты айтқан бүкіл тілектері ескерілді, ал шешім ендірілген соң, техникалық мамандар жалпы осы жүйені қолдану жөнінде оқудан өткен. Сондықтан жаңа шешімге өту жұмыс барысына ешқандай ықпалын тигізген жоқ.
«Microsoft Office 365 Business жүйесін ендіру арқасында біздің компанияның қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, енді кез келген құрылғы арқылы құжаттарға кіріп, бұлтта бірлесе отырып ыңғайлы түрде жұмыс жасауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл шешім сапа мен баға жағынан біздің көңілімізден шықты, сондай-ақ, біз вендордан кеңінен техникалық қолдау алып отырмыз», - деп сөзін қорытындылады АЭТЗ бас директоры Асқар Сыздықов.
Қазіргі таңда Microsoft өнімдері мен бұлттық технологияларына деген сұраныс қазақстандық өндірушілер арасында артып келеді.