Жезөкше екенін жасырмақ түгілі онымен мақтанған тележүргізуші жұмысынан қуылды

/uploads/thumbnail/20170710015700570_small.jpg

Босния және Герцеговинада Pink телеарнасының жүргізушісін жезөкшелік кәсібі үшін жұмыстан қуды, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі «The Sun» басылымына сілтеме жасап.

Телеарна басшылығы Сенада Нуркич жүргізген бағдарламаның жабылатыны туралы хабарлады. Бұл шешім жүргізуші өзінің осы кәсібі туралы ашық жариялағаннан кейін қабылданды.

Бұл шешім жөнінде Нуркич: «Жезөкшеліктің басқа кәсіптерден еш айырмашылығы жоқ. Мен бұл жұмыстың жаман жерін көріп отырған жоқпын. Маған өмір сүру үшін осылай жасауға тура келген», - деді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша шешім телекөрермендердің өтініші бойынша қабылданған. Оларға жүргізушінің эфирде өзін әдептен тыс ұстайтын қылықтары ұнамаған.

Қатысты Мақалалар