Заңға барлық адам мойынсұнуы керек. «Қамшы» ақпараттық агенттігі АиФ.ru-ға сілтеме жасап түрлі елдердің 10 қисынсыз заңдарын ұсынады.
Венеция
28 сәуір 2008 жылы Венеция билігі қала қонақтары мен тұрғындарына Сан-Марко алаңындағы кептерлерге тамақ беруге тыйым салды. Себебі кептерлер тұмсығымен ғимараттар мен ескерткіштердің қалыбын құртады. Сонымен қатар, кептерлердің ауруды тасымалдайтын құс екені белгілі.
Испания
Испандық Пальма-де-Майоркеде көшеде велосипедпен жүруге тыйым салынған. Мұндай заңды қалалық кеңес 2014 жылы қабылдаған. Заңды бұзғандар 50 еуро көлемінде айыппұл төлейді.
Таиланд
Тайландтағы Пхукет жағалауында балықтарды тамақтандыруға болмайды. Аталмыш заңды билік өкілдері 2016 жылы балықтарға таңсық тағамды жемеуі үшін қабылдаған. Оны бұзған турист 3 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді немесе түрмеге отырады.
Аталмыш заңды ресейлік Ольга Смирнова бұзып, Тайланд соты оған 1000 бат айыппұл салған.
Сингапур
Сингапурда сағызды сату мен импорттау заңсыз болып табылады. Оны тек дәріханадан дәрігердің рұқсатымен ғана сатып алуға болады. Алайда туристің қалтасында ұшақтан қалып қалған сағызы болса, ол үшін жазаға тартылмайды. Жаза тек сағызды сатып алмақ болғандарға ғана қолданылады. Олар бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 5500 доллар айыппұл төлейді.
Біріккен Араб Әмірліктері
Араб Әмірліктерінде туристер ғимаратты фотоға түсіргенде өте абай болуы керек. Елде әдемі ғимараттар көп. Егер фотоаппарат нысанына алған ғимаратыңыз заң бойынша тыйым салғандардың бірі болса, шпиондық әрекет жасады деп айыптап, түрмеге отырғызуы мүмкін.
Ашық киініп жүргендерді де құқық қорғау органдары қызметкерлері жауапқа тартуы мүмкін. Рас-Аль-Хайма жағажайында қатаң түрде әйелдерге ашық шомылуға арналған киім, ал ер адамдарға тырысқан плавки киюге тыйым салынған. Бірінші рет ескерту жасайды. Қайталанса айыппұл төлетеді. Жағажайда ашық киінуге болмайтыны туралы жазылған тақтайшалар бар. Мұндай заң тұрғылықты халықтың туристердің жалаңаш жүруіне наразылық білдіргеннен кейін қабылданған.
Греция
Грецияда 2002 жылдан бері құмар ойындарды қоғамдық жерде ойнауға тыйым салатын заң қолданыста.
АҚШ
Нью-Джерси штатындағы Форт Ли қаласында жүріп бара жатып хат жазуға тыйым салынған. Ол 2012 жылы жол апатын азайту мақсатында қабылданған. Жергілікті билік мұндай қадамға статистикадағы көрсеткішке бола барған. Оған сай, хат жазып келе жатып бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, мерт болғандардың саны көп.
Заңды бұзғандар 85 доллар айыппұл төлейді.
Малайзия
Малайзияда 2011 жылы сары түсті қысқа жейде киюге тыйым салатын заң қабылданған. Жергілікті белсенділер жемқорлыққа қарсы акцияға сары түсті қысқа жейделермен шыққан. Содан бері сары түс заңға қарсы екенін білдіретін болған.
Бельгия
Ал Бельгия билігі қармен ойнау адам денсаулығы үшін өте зиян деген қорытындыға келіп, 2013 жылы қармен ойнауға тыйым салды. Бұл заң Фландрияның бес аймағында жүреді.
Иран
Иранға жолыңыз түсіп жатса шашыңыздың жинақы болуына мән беріңіз. Себебі жан-жақа шығып тұрған шаш - шайтанның шаш үлгісі болып саналады. Бұл өз кезегінде шайтанға мойынсұну және дінге құрмет білдірмеу болып саналады. Елде қабылданған заң бойынша, ер адамның шашын буып жүруіне тыйым салынады. Мұндай заңмен келіспеген салондар мен шаштараз бірден лицензиясынан айырылады.