Ауғанстанның кезекті жарылысы балалардың өмірін жалмады

/uploads/thumbnail/20170710015908743_small.jpg

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Кундуз провинциясында мина жарылды. Радио Свободаның мәліметінше, 11 сәуірде 4 баланың қаза тауып, 7 баланың жарақат алған.

Жарылыс 10 сәуірде тәліптер тұратын Чахардара ауданындағы Касабан ауылында болған.
 
Он жылға созылған соғыста Ауғанстанның көп жерлердіне жарылғыш заттар қалып қойған. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар жапа шегуде. Әсіресе жарылғыш заттардан көбіне зардап шегетіндер – балалар.
 
БҰҰ-ның есебі бойынша өткен жылы осындай оқиғалардың салдарынан 217 адам қаза тауып, 507 адам жарақат алған. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 66% көп.

Қатысты Мақалалар