Кез келген ер адам өз әйелінің арына дақ түспегенін қалайды. Қазақстан ұлттық арнасында көрсетілетін «Әйел бақыты» бағдарламасында Жанерке есімді бойжеткен өз басынан өткен оқиғасын баяндап берді, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
23 жастағы бойжеткен, қазіргі таңда сұлулық салонында жұмыс жасайды екен.
«Қазіргі таңда бет әрлеуші болып сұлулық салонында жұмыс істеймін. Дегенмен, қиын да болса, басымнан өткен жағдайды айтқым келеді. Мен 16 жасымнан бастап ұятсыз киноларға әуестене бастадым. Үйде жалғыз қалған кезімде порнаграфиялық фильмдер топтастырылған касетаны үйден тауып алып, қызықтап көрдім, кейіннен оған деген қызығушылығым күннен-күнге артып, тіпті, сондағы іс-әрекеттерді өзім жасай бастадым. Жалғыз өзім тығылып, жасырынып көрдім. Кейіннен өз қолыммен өз қыздығымнан айырылып қалдым...» - деп өз қайғысымен бөлісті кейіпкер.
Психолог маман Венера Телжанның айтуынша, қызды ұят пен өкініш сезімі мазалап отыр. Сонымен қатар маман өзге қыздарға да ескерту жасай отырып, болашақта психоло мамандар мен басқа да дәрігерлерге көріну қажеттігін айтты.