Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) мен Павлодар облысының әкімдігі 2017-2018 жылдары әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара әріптестік туралы Меморандум жасасты. Меморандумға «Еарузиялық Топ» ЖШС Басқарма төрағасы Альдияр Қазтаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қол қойды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
Қостанай облысы сынды Павлодар өңіріне де биыл ERG Меморандум аясында соңғы бес жылдағы рекордтық көлемдегі 3,7 млрд. теңге қаражат бағыттағалы отыр. Қаржы бүгінде тұрғындардың сүйікті орнына айналған Ақсудың орталық жағалауын қалпына келтіруге, қаланың өзге де саябақтарына «street work-out» нысандары мен ойын алаңдарын сатып алып, орнатуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, Екібастұз қаласындағы «Шахтер» демалыс және мәдениет саябағын абаттандыру мен жаңғырту және тағы басқа да маңызды жобалар қаржыландырылады.
ERG аймақтағы саламатты өмір салты мен спортты дамытуды өзінің басым бағыттарының бірі деп біледі. Сондықтан Меморандум аясында Павлодарда жүзу бассейнін салуға, екі күрес залын қайта қалпына келтіруге, Ақсу қаласында «street work-out»-пен шұғылдануға ниеттілерге арналған жабдықтар мен ойын алаңдары сатып алынып, орнатылады. Көп жылдық дәстүр бойынша Еуразиялық Топ Павлодар облысындағы футбол мен волейболдың дамуына қолдау көрсетеді.
Алдағы 2017-2018 жылдарға қол қойылған Меморандум тек ERG жобаларымен шектелмей, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Павлодар облысы әкімдігінің аймақты дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларын да толық қамтып отыр. Бұл қатарды ERG қызметкерлері үшін ерекше жобалар, атап айтқанда, жол құрылысы мен инфрақұрылым, аруханаларды жөндеу, балабақша мен мектеп құрылысын қаржыландыру, ойын алаңдары мен өзге де спорт нысандары бар.
– ERG өз қызметінде Мемлекет басшысының сындарлы саясатын басшылыққа алады әрі компанияның әлеуметтік жауапкершілігі соның айқын дәлелі. Кейінгі жылдары Павлодар, Ақсу қалаларының қалай түрленгенін көрдіңіздер. Еуразиялық Топ қызметкерлерінің басым бөлігі осы өңірде тұрады. Сол себепті біз осы аймақты дамытуға үлес қосуды бақыт санап, екі жылдық Меморандумға қол қойып отырмыз. Біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілік танытқанын қолдаймыз әрі әкімдіктің өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға септесуін әрдайым қолдаймыз. Біздің тыңнан қолға алған «Туған жер – Родные города» атты бағдарламамыздың да түпкі мәні осында, – деді Eurasian Resources Group S.a.r.l. директорлары Кеңесінің төрағасы Александр Машкевич
13 жыл бойы Еуразиялық Топ (ERG) жыл сайын Топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумдар жасасып келеді.
Соңғы бес жылда (2012-2016 жж.) Еуразиялық Топтың Қазақстандағы барлық кәсіпорындары қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік саланы қаржыландыруға, аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, демеушілік пен қайырымдылыққа 103 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады.
Соның ішінде Меморандумдар аясында ERG Павлодар облысын дамытуға 10,6 млрд. теңгеден астам инвестиция құйған. Бұл қатарда Ақсу қаласына Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайын алу, жабық хоккей кортының құрылысы, Екібастұз қаласында дарынды балаларға арналған музыка мектебі мен жүзе бассейнін салу, Павлодар қаласына трамвайлар сатып алып беру, мектептерге күрделі жөндеу жүргізу, балалар және спорт алаңдарын абаттандыруды атап айтуға болады. Дәстүрлі түрде дене шынықтыру мен спортты дамытуға қаражат қарастырылады.