Германия қаласында үш бірдей жарылыс болды

/uploads/thumbnail/20170710020000025_small.jpg

Германияның Дортмунд қаласында футболшылар мінген автобус жанында үш бірдей жарылыс болды, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, оқыс оқиғадан дортмундтық «Боруссия» командасының орталық қорғаушысы Марк Бартра ауыр жарақат алған. Оған шұғыл операция жасалды. Германиядағы меншікті тілшіміз Шолпан Найманбаеваның хабарлауынша, жарылыс автобус стадионға бара жатқан жолда болған. Ол жерде дортмундық «Боруссия» мен франсуздық «Монако» командалары арасында ойын өтуі тиіс еді. Тосын жағдайға байланысты матч кейінге қалдырылып, жанкүйерлерге дереу үйлеріне қайтуға кеңес берілді. Полиция өкілдері қастандықтың футболшыларға бағытталғанын айтып отыр. Сонымен қатар, оқиға орнынан сәлемдеме хат табылған. Бірақ оның мәтіні әзірге жарияланбады. Айта кетейік, тәртіп сақшылары жарылысты террорлық шабуыл ретінде қарастырып отырған жоқ.

Грегор Ланге, Дортмунд қаласының полиция басшысы:

- Тәртіп сақшылары арнайы операцияға жұмылдырылды. Сарапшылар жарылғыштың неден және қалай жасалғанын анықтап жатыр. Әзірге шабуылды кімнің жасағаны белгісіз. Сондықтан оқиғаны жан-жақты қарастырып, барлық жағдайға сақадай сай отырмыз.

Қатысты Мақалалар