Қаржы қысқан Radiotochka порталы сәуірде жұмысын тоқтатады

/uploads/thumbnail/20170710020008150_small.png

Сайт ұжымы сәуір айынан бастап жұмыстарын тоқтатады.

Central Asia Monitor газетінің бас редакторының кеңесшісі Бигелді Ғабдуллин Radiotochka сайтының жабылатынын мәлімдеп, сатылымға шығарды. Оның айтуынша, сәуірде қызметкерлер тиісті жалақыларын алып, сайт бетінде енді Central Asia Monitor газетінің мақалалары ғана жарияланатын болады, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Ғабдуллин порталды сататын ойы болғанымен, саудаға салмайтынын айтып қалды.

«Бізде қаражат бойынша мәселелер туындады. Жабылу мерзіміне санаулы күндер қалды. Бүгін жабылатыны жайлы ақпарат жарияланды, ал қызметкерлердің бәрі сәуір айында тиісті жалақыларын қолдарына алады. Енді Radiotochka порталы бренд ретінде  Central Asia Monitor газетіне тиесілі сайт ретінде жұмыс істейді. Егер порталды сатып алам деушілер болса, қарсы емеспіз. Бірақ, аукционға өткізілмейтін болады. Бүгінгі күні сатып алушыны табу да қиын» дейді Бигелді Ғабдуллин informburo.kz-ке берген сұхбатында.

Бас редактордың айтуынша, соңғы төрт айда аталмыш порталда 6-8 адам ғана жұмыс істеген.

«Енді 3 ай шыдағанда «Радиоточкада» істегеніме 3 жыл толатын еді. 3 жыл уақытымды арнадым бұл порталға. Әзірге не істерімді білмей далмын» деп жазды портал қызметкері Евгения Сазанова өзінің Фейсбук парақшасында.

Айта кетейік, 24 қаңтарда Бигелді Ғабдуллинге лауазымды шенеуніктер – Бозымбаев, Көкірекбаев және Аманшаевтарден мемлекеттік тапсырмаларды күшпен алды деген айып тағылып, сот 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған.

Қатысты Мақалалар