Трамп Сирия басшысын «жануар» деп атады

/uploads/thumbnail/20170710020239121_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия басшысы Башар әл-Асадты «жануар» деп атады деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі «Главные новостиге» сілтеме жасай отырып. Теледидар сұхбатында: «Егер  Ресей  оны қолдамаса, барлығы  жақсы болар еді» - деген пікір білдірді. Трамп Сириядағы жағдайға түсініктемеде: «Ресей араласпай және сол «жануарға» қолдау көрсетпегенде, қазір мәселе болмас еді» - деп атап өтті. Сондай – ақ, Ресей президенті Владимир Путин «шын мәнінде, жаман адамды қолдап отыр» дегенді қосып айтты. Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуір күні Трамп бұйрығына сәйкес  АҚШ Қарулы Күштерінің  59 қанатты зымыраны Сирияның Хумус провинциясының  «Томагавк» әскери әуежайына жіберілген болатын. Вашингтон айтуынша, бұл операция Идлиб провинциясындағы болжамды химиялық шабуылына жауап болды.

 

 

 

Қатысты Мақалалар