Танымал әнші Айқын Төлепберген Instagram парақшасында Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы туралы айтып, Президенттің латын әліпбиіне көшу туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz
«Елбасымыз "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" жобасын ұсынды. Ішінде қазақ әріптерін латын алфавитіне көшіру туралы ұсынысты байқап қалдым. Менің ойымша, дұрыс ұсыныс. Біріншіден, мына ақпарат пен интернет заманында әлемдік интеграция, ақпарат алу мәселесін жеңілдетеді. Екіншіден, орыс тілі мен орыс тілді ақпарат көздерінің ықпалынан құтылу үшін қажет. Әрине, қиын тұстары өте көп, бірақ түбінде еліміздің бәсекелік қабілетіне және тілдің дамуына үлкен ықпалын тигізеді деген ойдамын. (Суреттегі алфавит дұрыс емес, жәй нұсқа ретінде...Ал заңды әліппені ғалымдар жасап шығарады)», - деп жазды танымал әнші.
Еске салсақ, Бүгін Қазақстан Президенті Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы мақаласы шығып, саяси талқылау басталды. Президенттің мақаласында жақын уақытта латынға көшу де айтылған. Оған сай, Қазақстан 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшуі тиіс. Елбасы бастамасын халықтың қызу қолдауына ие болып жатыр.