"Астана" ПК қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламент сенаторы Дархан Қалетаев "Астана" командасының қазіргі уақытта "Астана Аренада" газон ауыстыруға байланысты елордалық клубтың ойындардың барлығын "Тарлан" аренасындағы өткізіп жүргеніне наразылық білдірді, - деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке. Сілтеме жасай отырып.
Қалетаев Астана әкімі Әсет Исекешевті "Астана" клубының келесі ойынын тамашалап, Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасының топтың кезеңдерінде қандай алаңда ойын өткізуге мәжбүр болып жүргенін айтты.
"Мен Астана әкімі Әсет Исекешевті "Астана" ФК-ның 16 сәуірде өз алаңында өткізетін ойынға шақырамын. Елордалық клубтың қандай жағдайда ойындар өткізіп жүргенін көрсе екен. Мен оған билет сатып алып беруге дайынмын. Өткен жылдың қарашасында олар "Астана Аренаның" газонын ауыстыруы тиіс болған, бірақ міне сәуір болды, әлі ауысқан жоқ", - деді Қалетаев.
Айта кетейік, ҚПЛ-ның осы маусымында елордалық футболшылар, Қазақстанның үш дүркін чемпиондары "Астана Аренада" тек бір ғана ойын өткізді. Наурыздың соңында стадионда газон төсеу жұмыстары басталды. Осы жұмыстар мамыр айында аяталады деп жоспарланған.