Астана қаласының «Есіл» ІІБ-на «бауыр циррозы» диагнозы қойылған бір жасар баланың қайтыс болғандығы туралы хабарлама түскен. Қытай медицинасын насихаттайтын «Қалалық инфекциялық балалар ауруханасы» осы орын алған оқиғаға кінәлі болып отыр. Бұл туралы ақпаратты «Қамшы» ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметтері бойынша белгілі болғандай, баланың ата-анасы халық медицинасы көмегіне жүгінуді жөн көріп, осы аталған ауруханаға қаралмақ болған. Баланың организміндегі лейкоцитердің көлемін азайту мақсатында ауруханадан тамыр арқылы 5 күн бойы екпе алған. Сонымен бірге, қытайлық биологиялық қоспаларды да күніне 2 реттен қабылдаған. Осы қабылдаған емнің нәтижесінде 1 жасар бала көз жұмған.
Ендігі уақытта, аталған аурухананы лецензиясынан айыру мәселесі бойынша әрекеттер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар орталықты әкімшілік жауапқа тартылу негізінде 56 725 теңге, 294 970 теңге көлемінде айыппұл салынды.