Американдық боксшы, 4 категория бойынша экс-әлем чемионы Эндриен Бронер мексикалық Сауль Канело Альварес Қазақстандық Генадий Головкинді жеңеді, тіпті нокауттайтынын жеткізген. Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Өзінің бұл теориясына дәлелдеме ретінде Головкиннің Британиялық Келл Брукпен жекпе-жегін мысалға келтіреді. Сонымен бірге американдық боксшы Головкинді «өз орнын білуге» шақырды.
Канелоның агенттері Головкинге онымен жекпе-жегі үшін 15 миллион доллар гонорар ұсынған, алайда кейіннен бұл ұсыныстарын өзгерткен.
«Головкин өз мансабында мұндай гонорарды алмаған. Және бұған дейін әлемнің нағыз мықты спортшыларымен бетпе-бет келмеген. Егер ол Альваресті жеңсе, ол А деңгейіне өтеді, ал қазір ол әлі В деңгейінде. Екеуінің жекпе-жегі Головкин үшін тозақ болмақ, себебі Альварес оны ұрып жығады. Нокауттайды. Тіпті оның Келл Брукпен болған жекпе-жегін алайық. Келл Брук Головкиннің есін шығарды. Егер Брук орта салмақта болғанда, бұл жекпе-жек басқаша сипат алар еді»- дейді экс-чемпион өзінің сұхбатында.
Головкинге қатысты бұрынырақ та пікір білдіріп, өзінің көзқарастарын жасырмай айтып жүрген ол Канелоның оны нокаутқа түсіретінін де бұрынырақ сөз еткен болатын. Тіпті Головкинді ағылшын тілін білмегені үшін сөккен көрінеді.