Төтенше жағдай 13 сәуірде түнгі 2-лер шамасында болған, деп жазады «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
«Мой город» порталының хабарлауынша, 24 жастағы жігіт Оралдағы өзеннің көпірінен туыстарының көзінше секіріп кеткен.
-Біз оны іздедік. Көпір жақта екенін білген соң, сонда бардық. Інім біздің келгенімізді көріп тұрып көпірден секіріп кетті. Ол секіргенде, алдымен қатты айғайлаған дыбыс естілді, кейін тынышталып қалды. Оны өзен ағызып кеткен секілді. Қараңғыда ештеңе көрінбеді. Жағаға шығуын өтініп едік, інім үн қатқан жоқ, - дейді туысы.
Төтенше жағдай орын алған жерде тергеу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар мен полицей қызметкерлері істің анық-қанығын тексеріп жатыр.