Түрме тұтқындары компьютер жасап шығарып, ғаламторға қосылып сериал көрген

/uploads/thumbnail/20170710021149905_small.jpg

Американдық Адам Джонсон мен Скотт Спринггс  есімді екі азамат тарихта «ең ақылды тұтқындар» ретінде қалмақ.  Огайо штатында марион түрмесінде жазаларын өтеп жүрген олар

       Техникалық жабдықтарды қайта өңдеуден кейін өздерімен бірге компьютердің біршама маңызды, қажетті бөліктерін алып кеткен. Солай қалдықтарды жинай келе жаңа компьютерлер жасап шығарған. Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, толыққанды жұмыс істейтін компьютерлер  түрме камерасындағы шкафтың жоғарғы жағында жасырынған екен. Сонымен бірге, компьютер құралдары жоғарғы Департамент аппаратына қосылулы болған екен.

           Спринггс пен Джонсон қалай екені белгісіз, камера төбесі арқылы желіге шығып, ғаламторға қолжетімділік алған. Ғаламтор желісіне қосылуға мүмкіндік алған екеуі ғаламтор желісінен қолдан жарылатын заттарды жасап шығару, есірткіні қолдан жасау турасында мақалаларды оқып, видео көрген.

Сонымен бірге, Джонсон басқа тұтқынның жеке бас мәліметтерін ұрлап, кредиттік карталарына қолжеткізу мақсатында сақтандыру нөмірін қолданған.

Әрине, ойын-сауық туралы да екі ақылды тұтқын ұмытпаса керек: түрлі сериалдарды, порнографияны көшіріп алып қасындағы тұтқындарға таратұан.

Үкімет органдарының пікірінше, екі түрме тұтқыны ғаламторға шығу мүмкіндігін түрме құжаттарына қолжеткізу мақсатында қолданған.

Екі ер адам 2015 жылдан бастап осы әрекеттерімен айналысып келген, бір қызығы мұны ешкім байқамаған. Тек арада екі жыл өткен соң ғана түрме тұтқындарының бұл қылмысы  әшкере болды.

Қатысты Мақалалар