Махаббатта шек жоқ... Әлемдегі адам сенгісіз отбасылық жұптар

/uploads/thumbnail/20170710021156202_small.png

Махаббатта шек болмайды дейді. Айналадағы адамдарға көп қылықтар жақпағанымен, көптеген ғашықтар бір-бірінің кемшіліктеріне көз жұма қарайды. Ал, мына жұптардың махаббаты, тіпті, керемет, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Назарларыңызға әлемдегі адам сенгісіз отбасылық жұптардың бірнеше тізімін ұсынамыз.

Санелле Маселело мен Хелин Шабанго.

Бұл жұптың негізгі ерекшілігі суреттен-ақ көрініп тұрған болар. 8 жастағы Санелло өзнің өмірлік жары ретінде 61 жастағы Хелин Шабангоны таңдапты. Хелин өз жарының атасы ұнатқан әйел болған, алайда марқұм атасының көзі тірісінде үйленуге мүмкіндігі бомапты. Санелло сол атасының құрметіне сол кісінің атымен аталған. Кезнде атасының ұнатқан әйелін 8 жастағы Санелло әйелдікке алды.

Манголи Мунда мен қаңғыған ит

Иә, бұл тіпті жаға ұстатарлық жағдай. Үндістан тұрғыны Манголи Мунда ауыл ақсақалдарының шешімімен көшеде қаңғыған итпен тұрмыс құруына мәжбүр болды. Ақсақалдардың ойынша, мұндай іс-әрекеттер арқылы ауылға төніп тұрған түрлі қарғыс пен табиғи апаттардан сақтануға болады екен. Дегенмен, Манголи Мунда өзінің сүйген жігітімен де отбасын құра алады, ал ол уақытқа дейін бойжеткен қазіргі төрт аяқты жұбайына барынша қамқорлық жасауы қажет.

Француа Фернандес пен Мадлен Францилин

Бұл жұп Гинесстің рекордтар кітабына ең кәрі жұп ретінде енген. Үйленген кезінде Француа 90 жаста болса, Мадлен 94 жаста болған.

Арен Эндрюс пен Кети Хилл

Бұл жұп, бір қарағанда, ешқандай да ерекшелігі жоқ қарапайым жұптар секілді. Алайда, бұл қос ғашықтың тарихы мүлдем ақылға сыйымсыз. Себебі, екі ғашық та бір-бірімен таныспас бұрын екеуі де жыныстарын ауыстырған екен.

Франценальдо Досил Вакарвалию мен Элиза Декруиссива

Суреттен көріп тұрғанымыздай, жігіттің бойы 165 сантиметр болса, оның ғашығы Элизаның бойы 210 сантиметрге дейін өскен. Бұған қарамастан, Франценальдо жүрегі қалаған қызға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, оның келісімін алған.

Таи Зигель мен Ренек Ляин

АҚШ армиясының сержанты Тай Зигель Ирактан бет-әлпеті адам шошырлық болып оралған. Соғысқа оны сүйген қызы шығарып салады. Келгеннен соң, екеуі үйленуге шешім қабылдап, 2016 жылы той жасайды. Алайда, бұл неке сәтсіз аяқталып, екі жұп ажырасып кеткен.

Верн Троир мен Женьев Гален

Бойы 82 сантиметр болған Верн Троир еш қымсынбайды. Керісінше, көпшіліктің алдына ол сұлу да сымбатты қыздармен көп шығады. Өмірлік жары ретінде таңдаған ғашығы Женьев Гален де түрі мен сымбаты келіскен модельдердің бірі. Дегенмен, бұл неке де ажырасумен аяқталды.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар