Қазақ студенттері Димаш Құдайбергенді қолдап, флешмоб өткізді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710021357001_small.jpg

Бүгін, 13 сәуірде, ҚР Ұлттық өнер университетінің студенттері Қытайда бағын сынап жүрген Димаш Құдайбергенді қолдап флешмоб өткізді, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайберген қазақты бар әлемге танытып жүрген ел мақтанышы. Қаншама әлемге танымал тұлғалар Димаш арқылы қазақты таныды, қазақ мәдениетімен танысты. Қытайда өткен I am singer байқауының әр турынан сүрінбей өтіп, көрермен көзайымына айнала білді. Аталмыш жобаның 10-кезеңінде үшінші орыннан көрініп, финалға жолдама алды.

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы қазақ баласына қолдау көрсетіп арнайы флешмоб ұйымдастырды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар