Тегін тамақ беру бастауыш мектептердегі оқушылардың оқу үлгерімін жоғарылатады. Мұндай шешімге келген Британ ғалымдары оқушылардың математика секілді нақты ғылымға негізделген пәндерді оқуға ынталарын жоғарылатып, оқу үлгерімін көтеретіндіктерін мәлімдеген. Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жүргізілген тәжірибеге 106 британдық бастауыш мектептері қатысқан. Оның дерлік көпшілігі нашар аудандарда орналасқан мектептер.
Осы аталған мектептер мемлекет тарапынан демеушілікке ие бола отырып, тегін түскі аспен қамтамасыздандырылған.
Стандартты жеңілдіктер арқылы берілетін түскі астың орнына толыққанды тегін таңғы/түскі ас клубтары ұйымдастырылған.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде таңертеңгі ас ішкен баланың математика, оқу, жазу сынды сабақтарда үлгерімі өскен. Сонымен қатар, тамақтану жалпы тұрғыда оқушылардың жәй-күйін сабаққа назарын аудартуда маңызды рөл алатыны да дәлелденген.
"Оқушылардың жеп-ішкен астарының құрамы емес, сол ас қандай ортада, қандай көңіл күйде қабылданғандығы маңызды"- дейді зерттеушілер.
Зерттеушілердің бірі «мотивацияландыратын» таңғы астар мен түскі астар клубын ұйымдастыруды Британ үкіметіне қамтамасыз етуін ұсынып отыр.
Біз де өз кезегімізде, еліміздегі мектептерде, тіпті болмағанда нашар ауданда орналасқан мектептерде оқитын оқушыларды түскі/таңғы аспен қамтамасыз етуді Республика Білім министрлігі қарастырса деген ұсыныс қалдыруды жөн деп есептейміз.
Пікір қалдыру