Қазір қылмыскердің үстінен ҚР Қылмыстық Кодекстің 3 бөлімі 106 тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды tumba.kz басылымы. Мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
17 жастағы қызды жігіті ұрып-соғып өлтіргені жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған.
Маңғыстаулық тұрғынның айтуынша, ауыр соққыдан көз жұмған бойжеткен Ақтау қаласындағы Жармыш ауылында әпкесімен бірге тұрады екен. Аталмыш оқиға орын алғанға дейін Ақырыс әпкесімен ұрсысып қалып, Саин-Шапағат ауылында тұратын туысының үйіне кетіп қалған. Сол жерден туған тойлауға шыққан кезінде жігіті алып қашып кеткен. Кейіннен алып қашқан жігіті Ақырысты аямай соққыға жығыпты. Кейіннен қызды дереу ауруханаға жеткізіп, ауыр соққының салдарынан есін жимастан көз жұмды.
Полиция қызметкерлері бойжеткенге зорлық көрсетудің салдарынан көз жұмғандығын растады. Аталмыш оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
«9 сәуір күні 23:00 шамасында 1996 жылдың тумасы кәмелет жасқа толмаған 17 жастағы бойжеткенді аяусыз ұрып-соққан. Зардап шегушіні дереу облыстық ауруханаған жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бойжеткен ауыр соққының салдарынан көз жұмды», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру