Жамбыл облысындағы 1910 көшенің құжаттары жоқ екендігі анықталды

/uploads/thumbnail/20170710021555503_small.jpg

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева хабарлады.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, аудандар мен Тараз қаласынан арнайы алынған мәліметке сәйкес бүгінде облыста мән-мағынасы ескірген, қазіргі қоғамға жат атаулардың жалпы саны – 842, оның ішінде 800 көше, 5 ауылдық округ, 13 елді мекен және 24 нысан қайта атауды талап етеді. Сондай-ақ атаусыз нысандар (73) мен көше саны (89) – 162, ру атауларымен – 6, қайталанатын көшелер саны – 135, тек аты немесе тегі ғана жазылған беймәлім тұлғалар есімімен аталған атаулар саны – 82 екендігі анықталды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылы облыстық ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында 2 ауылдық округ, 5 ауыл, 87 көшені қайта атау бойынша ономастика комиссиясының оң қорытындысы қабылданды. Яғни 94 жаңа атаулар берілді.

Сонымен қатар аудандар мен Тараз қаласындағы нысандар, көшелер (даңғыл, тұйық, бұрылыс т.б.) және елді мекен атауларын жүйелеу, нақтылау мақсатында заңды құжаттарына басқарма тарапынан зерделеу жұмыстары  жүргізіліп, нәтижесінде жалпы облыс бойынша 148 ауылдық округтің  135-де, 384 елді мекеннің 295-де, 5394 көшенің 1910-да және кейбір нысандардың құжаттары жоқ екендігі анықталды.

Атап айтар болсақ: Байзақ ауданында 18 – ауылдық округ, 43 – елді мекен, 95 – көше, Жамбылда 14 – ауылдық округ, 26 – елді мекен, 211 – көше, Жуалыда 14 – ауылдық округ, 31 – елді мекен, 102 – көше, Қордайда 19 – ауылдық округ, 42 – елді мекен, 170 – көше, Меркіде 14 – ауылдық округ, 41 – елді мекен, 50 – көше, Мойынқұмда 14 – ауылдық округ, 22 – елді мекен, 122 – көше, Сарысуда 9 – ауылдық округ, 21 – елді мекен, 26 – көше, Таласта 13 – ауылдық округ, 24 – елді мекен, 103 – көше, Шуда 18 – ауылдық округ, 45 – елді мекен, 485 – көше, Тараз қаласында 546 – көше және 2 нысанның құжаттары жоқ екендігі анықталып отыр, - деп ӨКҚ- де өткен брифингте  Ғалия Бектенқызы мәлімдеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар