Жамбыл облысындағы полиция бөлімдерінің маңдайшалары сын көтермейтін жағдайда

/uploads/thumbnail/20170710021604925_small.jpg

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева баяндады деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Спикердің мәліметінше, мемлекеттік мекемелердегі деректемелер тілі, мекеме атауы жазылған маңдайшалар мен көше атауы жазылған аншлагтардың үлгіге сәйкес әзірленіп, орналасуына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсету барысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша 1949 мемлекеттік нысан бар. 2016 жылы 1762 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мекеме маңдайшаларының 451-де ҚР Үкіметінің №1371 Қаулы талаптары сақталмағандығы анықталған. Маңдайшаларда тіл нормаларының бұзылуы – орфографиялық қателер, атаулардың транскрипциясының дұрыс берілмеуі, т.б. сияқты қателер орын алады.

Мемлекеттік мекеме маңдайшалары талапқа сай әзірленбей, аталған қателіктер орын алуына байланысты ономастика комиссиясы отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыстағы мемлекеттік мекеме атауы жазылған маңдайшалар тапсырыс бермес бұрын басқармамен келісу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін аудандар бойынша 355 мекеме маңдайшасы басқармамен келісілді (транскрипциялары нақтыланды), 96 маңдайша ҚР Үкіметінің №1371 Қаулы талаптарына сәйкес біріздендірілгендігі туралы хабарланды.

Дегенмен облыстағы Ішкі Істер органдарына қарасты қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің маңдайшалары сын көтермейтін жағдайда. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жүргізу басқарманың жұмыс жоспарында бар, - деп сөзін түйіндеді Ғалия Бектенқызы.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар