Мұндай тың ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева мәлімдеді деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
Ғалия Бектенқызының баяндауынша, 2016 жылдың 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес қоғамдағы патриоттық рухты нығайту және жекелеген тұлғалардың есімдерін ұлықтау мақсатында 2016 жылы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы, Қайым Мұхамедханов, Куәкен Кенжетаев, Хамит Ерғалиев, Баубек Бұлқышевтардың 100 жылдық мерейтойлары атап өтілетіні ескеріліп тек осы тұлғалардың есімдерін беруге, сонымен қатар топонимикалық атауларды беруге мүмкіндік берілді. Осы талаптарға сәйкес 2016 жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 71 көшеге атау берілді. Мысалы, "Мәңгілік Ел", "Алтын Орда", "Тәуелсіздік", "Шаңырақ", "Бірлік", "Ынтымақ", "Бейбітшілік" т.б.
Сонымен қатар облыстағы бірқатар темір жол станцияларының транскрипцияларын нақтылау бойынша басқарманың ықпал етуімен облыстағы 12 станцияның атаулары қазақшаланатын болады. Станция транскрипцияларын өзгерту бойынша 2016 жылдың 1 қарашасындағы ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысына ие болып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, "Джамбул – Тараз", "Чу – Шу", "Бурное – Боранды", "Чольдала – Шөлдала", "Чайкурук – Шайқорық", "Чебакты – Шабақты", "Учбулак – Үшбұлақ", "Акчулак – Ақшолақ", "Татты – Тәтті", "Чиганак – Шығанақ", "Кошкентениз – Қашқантеңіз", "Чокпар – Шоқпар" станциялары, - деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы Ғ.Боранбаева
Мұндай тың ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева мәлімдеді.

Пікір қалдыру