Қытай «Титаник» кемесін қайта жасады

/uploads/thumbnail/20170710022412401_small.jpg

Қытайда туристерге арналған «Титаник» құрастылды деп хабарлайды Qamshy.kz

Қытайдың Цицзян өзені жағалауында «Титаник» кемесінің көшірмесі корпусының қырылыстары аяқталған.  Аталған кеме туристерге арналған.

Қытайдың халықаралық радиосы хабарлағандай, кемені жасауға $140 млн қаражат пен үш жылдан астам уақыт кеткен. Қытай «Титанигі» корпусының ұзындығы 296 метрді, ені — 28,19 метрді құрайды.

Шетелдіктердің қызығушылығын туғызу үшін жасалған модель, арнаулы гидротіректер үстіне салынған. Кемеге мінген «жолаушылар» өздерін айсбергке соғылған кемедегіден сезіне алады.

Бұған дейін белгілі болғандай Blue Marble Private туристік компаниясы 2018 жылы «Титаник» апат болған аймаққа тур ұйымдастыруды бастайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар