Жақып Асанов отбасында зорлық жасаушыларды қоғамдық жұмысқа тартуды ұсынды

/uploads/thumbnail/20170710022433792_small.jpg

ҚР бас прокуроры отбасында дау тудырушыларды өте ауыр жазаға тарту керектігін айтты. Сонымен қатар жастарды отбасылық өмірге дайындап, ұлдарға әке болуды ерте бастан үйрету қажет, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Информбюро басылымына сілтеме жасап.

Бас прокурор Жақып Асанов отбасылық жанжалдарға қатысты өз пікірін білдірді.

«Оларға ең лайықты жаза – қоғамдық жұмысқа тарту. Әйеліне зәбір көрсететін еркектерді аямай қоғамдық жұмысқа салған абзал. Алайда, біздің Конституциялық заңымыз бойынша мұндай үкім шығаруға болады ма?  Бұл сұрақ төңірегінде заңгерлер анық-қанығын анықтауы қажет. Екіншіден, тәжірибеде жеті-сегіз рет ескертіп жатамыз, бірақ еш нәтиже жоқ. Сондықтан да мұндай адамдарды әкімшілік жазаға  тарту қажет. Алғашында 10 күнге қамаса, екінші рет тағы қайталаса, 15 күнге жауып тастау шарт. Егер ол басқаша айтқанды түсінбейтін болса, қатаң жазаға тартылуы қажет», - деп мәлімдеді Жақып Асанов.

Сонымен қатар, әкімшілік жазаға қатысты біршама өзгертулер енгізетінін және Қылмыстық кодексте де едәуір толықтырулар болатынын айтып өтті.

«Құқық бұзушылық пен қылмыс кішкентай балалардың көзінше болса, бұл іс өте ауыр жағдай ретінде қаралуы тиіс. Жаңа заңның жобасы біз үшін өте маңызды, оны ІІМ бірлесіп жасаймыз. Түзетулерді дайындап болғаннан соң депутаттармен бірге енгіземіз», - деді бас прокурор.

Жақып Асанов мектептерде кәсіпкерлік негіздерді үйрететін арнайы курс ашуды ұсынды. Ондағы негізгі мақсат – балалардың қабілетін арттыру, оларды үлкен өмірге дайындау және тәуелділік психологиясын жою.

«Жастар бір-біріне ғашық болып, кейіннен үйленеді. Отбасылық өмірдің бастапқы кезеңінде бәрі де жақсы, керемет өтіп жатқанмен, уақыт өте келе ұрыс-керіс, жанжалдар туындай бастайды. Жастардың көбісі отбасылық өмірдің маңызын түсінбейді, ондағы шын бақытты көре алмайды. Сондықтан да, отбасын құрғысы келген жастар арнайы курстан өтуі қажет. Ол курсатн өтпеген жағдайда үйленуге рұқсат берілмеуі тиіс. Мұндай ережелер Сауд Арабиясы, Малайзия, Латвия сынды әлемнің бірнеше елдерінде қолданылады», - деп мәлімдеді қадағалау органының басшысы.

Жақып Асановтың айтуынша, келесі аптада «Қалай әке болу қажет?» тақырыбында әр жерлерде семинарлар өтеді.

Ол Парламентке әкімшілік жазға қатысты өзгертулердің жобасын ұсынып, отбасындағы дау тудырушыларды 3 сағаттан бастап 24 сағатқа дейін түрмеге жабу керектігін айтты. Жанжал тудырушы сабасына түсуі үшін осы уақыт жеткілікті.

«Ашулы адамдар ызаланған кезінде тұрғанда ешкіммен де бітімге келе алмайды. Мұндай адамдарды емдей қажет, себебі бұлар өздерінің ауру екендігін мойындамайды. Осы сынды жандарға арналған психокоррекциялық қызмет қажет. Керекті құралдар жоқ дейміз, алайда біз жыл сайын медициналық айықтырғыштарға 5 миллиардтан көп қаражат жұмсаймыз. Сол ақшаға одан да психикалық ауруға шалдыққан адамдарды емдейтін орталық ашайық», - деп мәлімдеді Жақып Асанов.

Оның айтуынша, Қазақстанда күніне 12 әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Әрбір үшінші қылмыс отбасында өлтірілген адамдар болып табылады. 2016 жылы отбасылық зорлық-зомбылықтың салдарынан 36 әйел мен бір бүлдіршін қаза тапқан. Сексуалды зорлықтан 2500 әйел мен 900 бүлдіршін жапа шеккен. Ал, өз-өздеріне қол жұмсағандардың 742-сі әйелдер болса, 175-і кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Бас прокуратура отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты өзгертулер енгізетінін хабарлаған болатын.

Аударған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар