Былтыр жазда Амантай қажының 23 жасар тоқал алдым деп елді бір шулатқанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Караван медиа-порталына сілтеме жасап.
Бейнематериалда қажы тоқал алғаны туралы былтырғы жайттың өтірік екенін ашып айтқан. Атышулы оқиғаны сенсация үшін Мұхит Сапарбаев деген тілші Мөлдір деген қызды әкеліп, ұйымдастырып жіберді, дейді.
Дегенмен Амантай қажы әлі де тоқал алудан үмітті екенін жасырмапты. Жалпы жас тоқал іздеп жүргеніне сан жыл болған қажы қыздың пәктігіне баса мән беретінін сан мәрте айтқан болатын. Бұл жолы да таза қыз керектігін тілге тиек еткен.
Еске сала кетсек, өткен жылы жазда Амантай қажы жас қыз алдым деп жұртты бір дүрліктірсе, артынан алдым, алмадым деп ештеңе айтпаймын. Өйткені, көз тиеді, деп шындықты жарияламай қойған болатын.
Пікір қалдыру