АҚШ тарихындағы алғашқы қара нәсілді мұсылман судья болған Шейла Абдус-Салаам есімді әйел Гудзон өзенінің жағасынан өлі күйінде табылды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Cудьяның денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың ізі болмаған, киімі де бүтін болды.
65 жастағы Шейла Абдус-Салаам есімді вашингтондық тұрғын Америка тарихында судья болып тағайындалған алғашқы мұсылман әйел. Ол 2013 жылы Эндрю Куомо губернатор-демократы болып тағайындалды.
New York Post-тың хабарлауынша, судья өткен аптаның сәрсенбісінде жоғалған, іздеу жұмыстарының нәтижесі қайғылы аяқталды. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру