Қытай Ресейге емес, АҚШ-қа қолдау көрсетті

/uploads/thumbnail/20170710022654075_small.jpg

«Вашингтон, Лондон және Париж қалалары ұсынған Сирия бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданатын қарар жобасына дауыс беру кезінде Қытайдың қалыс қалып қойғаны – АҚШ президенті Дональд Трамптың ең үлкен жеңісі», - деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер, деп хабарлайды Риа Новости басылымы. Мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырмен назарына ұсынады.

Өткен сәрсенбіде Сириядағы Идлиб аймағына жасалған химиялық шабуыл үшін жауаптылар жасаған қаулының жобасына дауыс беру кезінде Қытай не ия, не жоқ демей, қалыс қалып қойған болатын.

«Пекиннен қолдау табу – осы елдің және президенттің ең үлкен дипломатиялық жеңісі», - деп мәлімдеген болатын Шон Спайсер.

Ақ үйдің баспасөз хатшысының хабарлауынша, Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Флорида штатында кездесу өткізген. Бұл кездесудің нәтижесінде, екі ал арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырып, ынтымақтастығы арта түскен.

Ресейдің аталмыш жобаны бұғаттау жайындағы шешіміне қатысты Спайсер өте сенімді түрде «Сирияға қатысты мәселелердің барлығынан Ресей шеттетілген» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, «Сирияны қолдаушы ұсақ мемлекеттер бар, алайда Ресейді қоспағанда, ол елдердің барлығы – ұтылған елдер болып табылады».

Қатысты Мақалалар