Кириллица болашақта Қырғызстанға технологияны дамыту мен елдің модернизациясына бөгет болады. Бұл туралы Жогорку Кенеште "Ата Мекен" фракциясының депутаты Каныбек Иманалиев мәлімдеді деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Кириллица - біздің зияткерлік мұрамыз, әрине, оны қолдана береміз. Дегенмен 2030-2040 жылдары латын әліпбиіне көшу керек боламыз. Бұл уақыт пен технологияны дамыту талабы", - дейді депутат.
Депутат латын әліпбиіне өту жеңіл болу үшін филологтарды қазірден даярлай беру керектігін айта кетті.