Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауының дұрыс жеткізбеген шенеуніктерді қатаң сынға алды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Қостанай жаңалықтарының хабарлауынша, облыс әкімінің сыны барлық мекемелердің басшылары қатысқан жиында айтылды. Облыстық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Айтқожинаның баяндамасынан кейін Архимед Мұхамбетов Елбасының сөздері көрінбейтін жерлерге ілінгенін алға тартып, қайта қолға алуды ұсынды.
«Баннерлердің қай жерде ілініп тұрғаны белгісіз. Бірі, тіпті, жеке секторда ілініп тұр. Қаланың орталық көшелерінде іш киімдер мен сусындардың жарнамаларынан басқа түк жоқ. Бұл мәселені дереу шешу керек! Жолдау халыққа көрінетін жерде ілініп тұруы тиіс» деп қатаң ескерту жасады облыс әкімі.
Бұнымен ескерту аяқтала қоймады. Халық алдында Президент жолдауының маңызды бөліктерінің дұрыс жеткізілмейтінін айтты. Брифингтердің формалды өтетінін айта отырып, ұжым алдында нағыз өз ісінің шеберлері сөйлеу керек екенін ескертті. Сол кезде ғана істің мән-жайы халыққа дұрыс жететініне сенімді