Алматы облысында бүтіндей бір ауылдың малы жаппай ауруға шалдығып жатыр. Арам өлген малдың саны қазірдің өзінде онға жуықтап қалды. Бірақ себебін ешкім білмейді. Ірі қараға жабысқан дерттің аты белгісіз әлі. Ауыл жұртты болса, адамға жұға ма деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі www.31.kz ға сілтеме жасай отыра.
4 күннің ішінде 15 мың теңге кетті. Ал қалған қаражатты қайдан табамыз. Ведтехниктар бүгін ғана келді. Өздері мынаны көріп, жиіркеніп, кетіп қалды. Тіпті болмаса мына малды өлтіріп, көміңіздер.
Ескелді ауданына қарасты Өрқусақ ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Өйткені қорадағы ірі қара малдың аузынан көбік ағып, түсініксіз дертке шалдығыпты. Тіпті бірнеше мал орнынан тұра алмай, өліп қалғаны құпия індеттің қауіпті екенін білдіруі мүмкін деп халық үрейлі.
Өрқусақ ауылының тұрғыны: "Ауырған кезде сілейіп тұрып қалады. Одан аузынан болар - болмас сілекей ағады. Тілдің қабықтары түсіп қалды. Таңдайы ол түсіп жатыр. Шынымды айтсам мен қорқамын. Мынау жұқпалы ауру болады ма деп".
Сәтай Жаңылсынның осымен екінші малы өліпті. Малына індет болып келген дерт «Аусыл» болуы мүмкін деп жобалайды өзі. Бұл пікірмен жүзден астам малы қорада ауырып жатқан өзге де ауыл тұрғындары келіседі.
Өрқусақтықтар жиырма күннен бері құпия жағдайда қырылып жатқан малдарын аман алып қалуға барымызды салып жатырмыз дейді. Алайда шағын ғана ауылға келген дерттің неден шыққанын мамандар әлі анықтай алмай жатыр екен.
Ескелді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы бұл туралы былай дейді:
"Кезектен тыс сияқты ауру келіп тұр. Бұны енді анықтап жатырмыз. Биопроба дейді ғой, зетханаға жеткізіп, анықталып жатыр".